«Заң мен тәртіп»: Еңбекші және Абай аудандарында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Loading

Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында қала тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың көтерген сұрақтарына заң талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер ұсынылды.

Акция аясында 70-ке жуық азамат қабылданып, әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, қажетті құқықтық қолдауға ие болды.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Сонымен қатар 16 маусым күні «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Абай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен де «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, көтерген сұрақтары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Акция аясында 50-ге жуық азамат қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

«Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған», — дейді Шымкент қаласы прокуратурасының өкілдері.

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамның негізгі құндылығы ретінде айқындап, құқықтық мәдениетті нығайтуға ерекше назар аударып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте өткізілген «Құқықтық дәріхана» акциялары тұрғындардың құқықтық мәселелер бойынша сапалы кеңес алуына мүмкіндік беріп, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты күшейте түсті. Мұндай бастамалар азаматтардың өз құқықтарын тиімді қорғауына жол ашып қана қоймай, қоғамда заңға құрмет пен құқықтық жауапкершілік мәдениетінің қалыптасуына, әділетті әрі қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You