Түркістан: «Тұран» командасы жеңіске жетті

Түркістан қаласында футболдан Olimpbet-Қазақстан кубогының төртінші тур ойындары өтті.


Ала доп додасында «Тұран» командасы жеңіске жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысының «Тұран» командасы өзінің алаңы «Түркістан Аренада» Алматының «Қайрат» футболшыларын қабылдады. Ослайша, тартысқа толы өткен бәсекеде 4:3 есебімен жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанышқп бөледі.

Тартысты кездесудің бірінші кезеңінде  «Қайрат» 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Алайда қайсарлығын көрсеткен «Тұран» командасының ойыншылары бапкерлердің қойған тактикасын дұрыс орындап, 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды. Команда құрамында Мардан Төлебек алғашқы голдың авторы атанса, Дінмұхамед Омаров екінші голды еншісіне жазды. Ал, команданың нигериялық шабуылшысы Стэнли Нкоби екі голдың авторы атанып, аса тартысты өткен кездесуде әріптестеріне жеңіс сыйлады.

Енді 8-ші тамыз күні тұрандықтар Olimpbet-Қазақстан кубогы үшін өтетін кезекті турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасына қарсы ойнайтын болады. Жанкүйерлері командаға сәттілік тілеуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.