ТҮРКІСТАНДАҒЫ БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. Олардың құрылысы жіті қадағалауға алынған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс барысымен танысты. Әкімге нысанның ішкі әрлеу жобасы таныстырылды. Қасбетті сәндеу, жылыту, желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жауаптыларға жұмысты сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді.
Мердігер мекеме – «Стройсервис — 7» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы – 7 248 м2, жалпы жер ауданы – 1,8 га. Жалпы құны – 3,1 млрд. теңге. Нысан биыл тапсырылады. Нысанның ішкі әрлеу жұмыстары – 70%, витраж орнату 85%-ға аяқталған.
Заманауи спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде республикалық, халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасалады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin