Түркістан облысы: Сарыағаштық оқушылар “Былғары доп шеберлері” республикалық сайысына жолдама алды

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №75 Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары олжалы жеңісімен сүйіншілетті. «Ұлттық мектеп лигасы» жарысына спорттың «Былғары доп» түрінде жарысқа түскен мектеп оқушылары облыстық кезеңде I орынды еншіледі.

«Былғары доп» лигасына №75 Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5-6-шы сынып оқушылары кіл мықтылар арасынан оза шауып, жеңісті қолдан бермеді.

Республикалық кезеңге жолдама алған дарынды оқушыларды жеңісімен құттықтап, сәттілік тілейміз!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin