АЗЫҚ-ТҮЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ТҰҚЫМ ҚОРЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ТАУАРЛЫҚ БИДАЙДЫ САТУДЫ БАСТАЙДЫ

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ тұқым қоры ретінде азық-түліктік бидайды мынадай шарттармен сатуды бастайды:
• тек астық өндірушілерге сатылады (бір астық өндірушіге себу нормасы есебінен сату көлемі — 1 гектар егістікке 130 килограмм);
• сату көлемі-400 000 тоннаға дейін;
• жеткізу шарттары – азық-түлік корпорациясының уәкілетті элеваторларынан EXW (франко-элеватор) ;
• Төлем шарттары-100% алдын ала төлем.
Фермерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясында 2024 жылға форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша алынған аванстық төлемдер есебінен тұқым ретінде азық-түлік астығын сатып алуға жол беріледі.
Азық-түлiктiк бидайдың көлемiн анықтау үшiн әлеуеттi сатып алушы егiс алаңдарының (егiстiктiң) растайтын құжаттарын ұсынуы тиiс.
Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК «АҚ: Астана қаласы, Московская көшесі, 29/3. эл. мекенжайы: mail@fcc.kz. тел. (8-717-2) 59-12-32. Бас менеджер: Кәкімов Е.К. 8 701-105-31- 05
Ақмола, Қарағанды облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Көкшетау қалсы, Нұрсұлтан Назарбаев, 19, тел. 8 (716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Өскемен қ., Бейбітшілік к-сі, 30, 206-кеңсе, тел. 8 (723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әлеуетті сатып алушыларына Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. 8 (714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысының әлеуетті сатып алушыларына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел. 8 (715-2) 55-11-60, 42-22-66.

ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin