АРЫС: Түркістан облысы, Арыс қаласы «ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ».

07.09.2022жылы Түркістан облысы Арыс қалалық мәдениет үйінде “Ұстаз жолы-ұлы жол!” атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараны қала әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы ашып, білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады және Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтады және ардагер ұстаздарымызға бүлдіршіндеріміз гүл шоқтарын ұсынды. Ұстаздарымызға бүгінгі мерекеде Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мухаев Жұматай Ишантайұлы құттықтау сөз сөйлеп Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебінің фортепиано пәнінің мұғалімі А.Ташиметова «Құрмет грамотасы», жәнеде мектебіміздің Кәсіподақ төрайымы домбыра пәнінің мұғалімі Т.Аманова «Кәсіподаққа еңбегі сінген» атты төс белгімен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Салтанатты шара соңы қаламыздың өнерпаздарымен қатар ұстаздар мен мектеп оқушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.