Сауран ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға қолдау жасалды

Loading

Сауран ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында игі іс-шара өтті. Қосқорған ауылындағы мектепте ұйымдастырылған шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков, «Sauran Solar Power» ЖШС өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен компания өкілдеріне алғыс білдірді. «Energy China» және «Sauran Solar Power» ЖШС компанияларының демеушілігімен оқушыларға оқу құралдары табысталды.

Шара барысында жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. «Мектепке жол» акциясы оқушыларды оқу жылына қажетті құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You