КЕЛЕСТЕ ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

«2022 жылы Түркістан облысы, Келес ауданында 3045 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде бір отбасында үшем туылып, тағы 7 жанұяда егіздер өмірге келген». Бұл туралы Келес аудандық «Абай» ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Құралай Тұрсынова мәлімдеді.

– Жаңа жыл түнінде Келес ауданында 5 нәресте өмірге келді. Олардың екеуі – ұл, үшеуі – қыз балалар. Қазір сәбилердің де, аналарының да жағдайы жақсы. Айта кететіні, аналардың барлығы табиғи жолмен босанған. Аурухананың перзентхана бөлімі жаңа заманауи технологиялармен қамтылған. Сонымен қатар мамандарымыздың тәжірибесін арттыру мақсатында арнайы оқу курстарына жіберіп, елге сапалы қызмет көрсетудеміз, – дейді бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары.

Жаңа жыл қарсаңында босанған келіншектердің бірі 33 жастағы Базаркүл Темірханова дүниеге екінші перзентін алып келген. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы қалыпты. Ұлын құшағына алып, бақытқа бөленіп отырған ана ерекше қамқорлық көрсеткені үшін перзентхана бөлімінің ұжымына алғысын білдірді.

Ал жалпы Жаңа жыл мерекесінде Түркістан облысы бойынша желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 115 сәби дүние есігін ашты. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 54-і – ұл, 61-і – қыз бала. Бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.

Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.

Айта кетейік, бірнеш жыл қатырынан Түркістан облысы халықтың өсімі жағынан көш басында тұр. Маңғыстау облысында да  халықтың өсімі республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Халықтың жасы бойынша құрамын анықтайтын биллетер индексі Қазақстанда кейінгі 11 жыл қатарынан бала туу көрсеткіші оң динамикамен жылжып келе жатқанын көрсетті. Мысалы, 2020 жылы 100 адамға шаққандағы бала туу көрсеткіші 13 болса, 2021 жылы 14,3-ке жеткен.

– Алайда өңірлер бөлінісінде бәрінде бірдей оң динамика бар деп айтуға облыстар да, республикалық орташа көрсеткішке жете алмай отырған өңірлер де бар екеннін алға тартуда. Мысалы, Түркістан (100 адамға – 48,5) және Маңғыстау (100 адамға – 42,1) облыстары, Шымкент (100 адамға – 37,5) қаласы мен Атырау (100 адамға – 34,2), Қызылорда (100 адамға – 33,3) және Жамбыл (100 адамға – 30,7) областарында халықтың өсімі республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Ал 6 өңірде Биллетер индексі теріс мәнге ие болып отыр. Атап айтсақ, Солтүстік Қазастан (100 адамға –27,7), Қостанай (100 адамға – 22,2), Шығыс Қазақстан (100 адамға – 14,5), Павлодар (100 адамға – 13,4), Ақмола (100 адамға – 12,3) және Қарағанды (100 адамға – 7,2) облыстарында бала туу көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.