Келес: Көлік құралы салықтарының берешегін өндіру бойынша жиын өтті

Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Қарақұловтың төрағалығымен жергілікті салық берешектерін өндіру, оның ішінде көлік құралы салықтарының берешегін өндіру бойынша ауыл және ауылдық округ әкімдерімен бейнеконференция байланысы арқылы жиын өтті.


Жиынға аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Исмаилов қатысып, бүгінгі таңда салық берешектері бойынша жағдайды толыққанды баяндап, тиісті жұмыстарды бірлесе атқаруды сұрады. Н.Исмаиловтың мәлімдеуінше көлік салығының қарызы бүгінгі жағдай бойынша аудан көлемінде 5 988 салық төлеушінің 107,5 млн.теңге берешегі барын айтты.

Көлік салығын өндіруді жеңілдету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «e-Salyk Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылғанын және салықтарды аталған қосымша арқылы төлеу өте ыңғайлы екенін жеткізді. Сонымен қатар, сыртқы көрнекі жарнамадан түсетін алымды өндіру өте төмен екенін айтылды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұов жергілікті салықтар мен алымдарды жинау және ұйымдастыру ауыл және ауылдық округ әкімдерінің тікелей міндеті екенін ескерте отырып, салық берешегін өндіруге бағытталған рейдтік іс-шараларды аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен бірлесе ұйымдастырып, тез арада аяқтауды қатаң тапсырды. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.