Кентау: Туберкулез емделеді!

Кентау қалалық емханасының мамандары тұрғындарды дер кезінде тексерістен өтіп тұруға шақырады. Басқа инфекцияларға қарағанда,  созылмалы болғандықтан, сақтандыру шаралары жолға қойылмаса, бұл дертті жұқтырған адамдардың саны біртіндеп көбейе береді. Сондықтан да болса керек, туберкулезді ерте анықтауды емханалардың барлық медицина қызметкерлері пациенттер профилактикалық тексеру, иммундау, медициналық көмекке үшін жүгінген кезде жүргізеді.

«Туберкулез қоздырғышын 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох ашқанын еске сала кету керек. Негізгі таратушы – туберкулезбен ауырған адам, оның қақырығы. Туберкулезбен ауыратын жануарлар, әсіресе ірі қара малдар. Туберкулез ауа-тамшылары арқылы жұғады: қатты сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде бірнеше кішкентай бөлшектері ауаға бөлінеді, ол жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін. Ауа-шаңмен жұғады: шаңмен бірге туберкулез микобактериясы өкпеге түсіп, сау адам ауырып қалуы мүмкін. Алиментарлы жолмен: көбінесе туберкулезбен ірі қара малдар ауырады. Шошқа, ит, тауық, қой және жылқы си­рек ауырады. Адамға ауру малдың сүті­нен жұғады.

Туберкулез барлық адамға жұға бермейді, тек негізінен ішінде им­мунитеті төмендеген, әлсіз адам­дар­дың ауырып қалу қаупі жоғары» дейді ақхалаттылар.

Қазіргі таңда бұл кеселдің алдын алу шараларын сақтаған дұрыс. Туберкулез таяқшасы, әсiресе, өкпе туберкулезiнiң жұқпалы (ашық) түрiмен ауырған адамның қақырығында көп болады. Алайда, туберкулездiң жабық түрiмен ауыратын науқас фтизиатр дәрiгердiң бақылауында болуы керек. Өйткенi ол сәл ауырып, көңiл күйi нашарласа, тәннiң инфекцияға қарсыласуы әлсiреп, туберкулездiң белең алуы ықтимал. Көп жағдайда туберкулезбен халық арасында әлсіз адамдар ауырады. Олардың денін білімі төмен, жұмыс істемейтін, бірақ жұмысқа қабілетті 18 бен 45 аралығындағы жастар мен жасамыстар құрайды. Туберкулездің белгілері: салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауыру сезімі, қан түкіру, жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі.

Туберкулезді ерте анықтау үшін

туберкулез белгілері бар пациенттердің қақырық жағындысын зерттеу

флюорография

туберкулин Манту сынамасы, балаларға туберкулез аллергені бар сынамасы

Емханаларда жөтелге шағымдары бар пациенттерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі және бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етіледі

Туберкулездің клиникалық белгілері болған жағдайда пациент туберкулезді диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша тексеруге жіберіледі

Егер пациентте туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыс болса және ауруға күдік болса, мұндай пациент диагнозды нақтылау үшін фтизиатрдың консультациясына жіберіледі

Зерттеу нәтижелері оң болған жағдайда пациентті фтизиопульмонология орталықтарына жіберу керек

Жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өтуі қажет қауіп-қатер тобындағы адамдар

бактерия бөлінуіне қарамастан туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар

өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен, қант диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ/ЖИТС диспансерлік есепте тұрған және иммуносупрессивті терапия алатын адамдар

кез келген этиологияның өкпесінде қалдық құбылыстары бар адамдар

қамау орындарынан босатылған адамдар

Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ ықтияр хаты бар адамдар ҚР азаматтарымен бірдей медициналық көмек алады

Қазақстан аумағында уақытша жүрген туберкулезбен ауыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бойынша медициналық көмек алады.

 

«Туберкулездің емі ақысыз жүр­гіз­і­ле­ді. Ең бастысы,туберкулез – жазыла­тын ауру екенін естен шығармаған абзал» дейді  дәрігерлер.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.