Мақтаарал: Аудан әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай киелі Мақтаарал ауданында ақпарат саласының майталмандарын марапаттау рәсімі өтті.


Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

«Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, өңірде атқарылып жатқан игі істерді оқырман қауымға жеткізіп жүрген БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ақпараттық-насихаттық бағыттағы еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін» — деді Бақыт Насырханұлы.

Салтанатты іс-шара барысында БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталып, мерекелік сыйлықтары табысталды. Сонымен қатар, бірнеше журналистерге Ұлы Қазақ елінің батыры «Алпамыс батыр» төсбелгісі тағылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Мырзашөл өңірінде 1 телеарна және 10-ға жуық газет тұрғындарға ақпараттық қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, әлеуметтік желі белсенділері көбейіп, азаматтық қоғам нығайып келеді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.