МӘМС арқылы қандай медициналық көмекті тегін алуға болады?

 
МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие бола алады. 

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

– профилактикалық медициналық тексерулер;

– учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;

– созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;

– уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

– халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;

– диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);

– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;

– медициналық оңалту;

– стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары колл-орталық 1414 нөмірі немесе Qoldau мобильдік қосымшасы арқылы өтініш қалдыра аласыз: 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin