Аудан әкімі Бағлан Батыршаев Құрылысшылар күніне орай ауданымызда қарқынды сәулеттік жобаларды жүзеге асырып келе жатқан өз ісінің білгірлерін құттықтап, Алғыс хат марапаттады.
Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қарқынды даму жолына түскен ауданымыздың сәулеттік келбетінің күн санап өзгеруінде Сіздердің алар үлестеріңіз мол. Бүгінгі айтулы сәтті пайдаланып, құрылыс саласында талмай еңбектеніп, зәулім ғимараттар мен әлеуметтік нысандар тұрғызған құрылыс саласының майталмандарын төл мерекесімен құттықтаймын. Ауданымыздың алдағы даму жоспарына белсене араласып, заманауи, айшықты жобалар ұсынады деп сенемін», деді аудан әкімі Бағлан Батыршаев.
Мерекелік шарада аудан басшысы саналы ғұмырын құрылыс алаңында өткізіп, бүгінде зейнетке шыққан бірқатар ардагерлердің иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, құрылыс компаниясының жауаптыларына аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Өз кезегінде мерекеге жиналған көпшілік аудан әкімінің тың бастамаларына қолдау білдіретіндігі жеткізді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат