Президент Атыраудағы Ұлттық құрылтайда не айтты?

Негізгі месседждер:

✔️«Бір ел болып жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыруымыз қажет».

✔️«Сарайшық – төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар».

✔️«Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды».

✔️«Өткен заманды орынсыз қазбалау жақсылық әкелмейді, оның пайдасынан гөрі, зияны көп».

✔️«Шетелде бізді кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп атайды».

✔️«Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады».

✔️«Біз теңдессіз тарихи нысандарымызды жоюға жол бермей, мұқият қорғауымыз керек».

✔️«Деструктивті насихаттарға біздің еліміздегі балалар да ілесіп кетіп жүр. Сондықтан мұның зардап-залалы өте зор болуы мүмкін».

✔️«Ата-бабасын ұлықтауды сұрап ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады».

✔️«Халқымыздың дүниетанымында қара киініп жүру деген атымен болмаған. Бұл – еліктеушіліктен, әсіре-діншілдіктен туған үрдіс. Біз салт-дәстүрімізден ажырамауымыз керек».

✔️«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік».

✔️«Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет».

✔️«Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс».

✔️«Мемлекеттік мекемелердің бюджетін тексеріп отырмаса, шығыстары ұлғая береді. Мұны қатаң бақылауда ұстау керек».

✔️«Мен Мемлекет басшысы ретінде әрбір мәселені ашық талқылауға дайынмын».

✔️«Аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда, жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ».

✔️«Еліміздегі мемлекеттік аппараттың сыртқы және ішкі саясатқа қатысты шешімдерінің бәрі популизмді және құбылмалы ахуалдарды емес, іргелі жалпыұлттық мүдделерді негізге алуы керек».

✔️«Қазақстан – бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс».

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin