Президент сайлауы: Отырар ауданында Николай Сморохов сайлауға балаларын ерте келіпті 

Бүгін таңғы сағат 7.00-ден бері Отырар ауданы бойынша 40 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран шырқалып, олар ресми түрде ашылды. Таңертеңнен бастап сайлау науқанына өз дауыстарын беруге келеген адамдардың қарасы көп.

Темір ауыл округіндегі №517 сайлау учаскісіне дауыс беруге келген тұрғындардың ішінде Николай Сморохов та бар. Ол жалғыз келмей, жанына балаларын ерте келіпті. Сірә, Президент сайлауында дауыс берудің маңыздылығын нақты іс-әрекет арқылы өскелең ұрпаққа ұқтырғысы келген болуы керек. Ол отбасысымен келіп, өз таңдауларын жасады. Өз кезегінде 20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні мерекесіне орай отбасысымен келген балаларға сайлау комиссиясы тарапынан сыйлықтар табысталды.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.