Президент сайлауы: Отырар ауданының Құрметті азаматы Іңкәрбек Батырбеков жұбайымен келіп, өз таңдауларын жасады

Саяси науқанға қатысу — әрбір қазақстандық азаматтың парызы. Сайлауда дауыс беретін әрбір азамат өз дауысының маңыздылығын түсінсе, бұл науқанның да маңызы арта түспек. Өйткені сайлауда еліміздің азаматтарының дауысынан жарқын болашаққа қадам жасалады.

Өз дауысының ерекше маңызға ие екендігін терең сезіне отырып, бүгін Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орналасқан №522 сайлау учаскесіне ғасырға жуық өмір сүріп келе жатқан, Отырар ауданының Құрметті азаматы Іңкәрбек Батырбеков атамыз жұбайымен келіп, өз таңдауларын жасады. Іңкәрбек атамызға сайлау комиссиясы тарапынан иығына шапан жауып, құрмет көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.