Президент сайлауы: Отырар ауданының әкімі дауыс бере отырып, жұртшылықты белсенділік танытуға шақырды

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Шәуілдір ауылында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында өз таңдауын жасады.

«Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықты Конституция береді. Сайлау учаскесіне келген азаматтар қандай таңдау жасайтыны маңызды емес. Дауыс беру құқығын белсенді түрде жүзеге асыру маңызды. Сайлауға қатысу — демократия бағытындағы алға жасалған қадам. Бұл — халық билігіне, барлық қазақстандықтардың билігіне жасалған қадам» — дейді аудан басшысы.

Айта кетерлігі, ауданда барлығы 40 сайлау учаскесі орналасқан. Сайлаушылардың жалпы саны — 28937 адам.

Ауданда орналасқан барлық сайлау учаскелері интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Аудан әкімі ережеге сай сайлау бюллетенін толтырып, таңдауын жасап әрі келушілерге сәттілік тіледі.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.