
Түркістан облысы, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты МКҚК «Оқушылар үйі» базасында кеше «Қазақстанның ұлттық басымдығы:
балалар және білім» тақырыбында Түркістан облысы жазғы сауықтыру кешендерінің басшылары мен әдіскерлеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық жұмысы өтті.
Жұмыс барысында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Оспанова Клара Рахымбердіқызы «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында баяндама оқыды. Практикалық кезеңде лагерь тәрбиешілері «Көрермендермен қарым-қатынас, аудиториямен ойындар»,
«Спорттық ойындар»,
«Топтағы өзара әрекеттестік», ал Кентау қаласының адами әлуетті дамыту бөлімінің әдіскері Бейсенбиева Қ. Ж. «Жазғы сауықтыру лагеріне балалардың құжаттарын жинау реті» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында «Балалар сауықтыру лагерінде жұмысты ұйымдастырудың жаңа форматтары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Секция жұмысының қорытынды кезеңінде аталған тақырыпқа сай сұраққа жауап берілді.