Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, СЭС басшысы Е.Түктібай, аудандық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысының орынбасары С. Ботабеков және жеке медициналық орталықтың басшылары қатысты.
Бүгінгі күнге бұл аса қауіпті індетпен ауырған науқастардың саны күнделікті көбейіп отырғаны барлығымызды алаңдатып отыр. Халықтың қауіпсіздігі мен сақтығы басты назарда болуы тиіс. Қазіргі таңда сақтық шараларын қарауымыз қажет. Аудан тұрғындары арасында әліде отбасылық іс-шараларді өткізу тоқтамай отыр. Ауылдық округтерінің әкімдері өз ауылдарында қандай отбасылық іс-шаралар болатындығын, болып жатқандығын біледі. Біле тұра, олардың алдын алу бағытында жұмыстары төмен. Орын алған кемшіліктер бойынша аталған ауылдық округтерінің әкімерінің тиісті жауапкершіліктерін қарау жөнінде ұсыныс енгіземін. Апта ағымында аудан көлемінде отбасылық іс-шараларды тоқтату алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар атқарылды. Өткен аптада осы аптамен салыстырғанда ауылдық округтеріндегі мобильді топтардың жұмыстары едәуір нәтиже беріп отыр. Аудан көлемінде карантин талаптарын сақтау бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі мобильді топтар жұмысын барынша жандандырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жалғасын табатын болады, — деді баяндамасында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы .
«ANYQ.KZ» — ақпарат