Сайрам: 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала баспанамен қамтамасыз етілді

Бүгінгі таңда Сайрам ауданындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 2425 азамат тіркелген.


Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 2020 жылы Ақсу ауылы, Интернациональная көшесінде орналасқан тұрғын үй (көлемі 592,4 ш.м.) ғимаратына аудандық бюджет есебінен 68,5 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында былтырғы жылы тұрғын үйге мұқтаж 5 отбасыға ипотекалық тұрғын үйді сатып алу үшін бастапқы жарнасын төлеуге 5,0 млн.теңге сертификат түрінде берілген.

Айта кетсек, баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебінен 249,0 млн.теңгеге 31 дана коммуналдық тұрғын үйлер сатып алынды.

Жалпы, ауданның даму бағдарламасына сәйкес 57,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу индикаторы жоспарланса, жыл басынан 42,6 мың шаршы метр тұрғын үй қосылды, жылдық жоспар 74%-ға орындалып қойды. Соның ішінде, әлеуметтік сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 97,0 млн.теңге 2 қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй сатып алынды. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.