Сарыағаш: Жүктілік жоспарлы болуы керек

Перзент сүю – адамды шексіз бақытқа бөлейтін сезім. Бірақ адамзат баласына төнген індет осы қуаныштан шектейтін сияқты ма, қалай? Жас қосылған отбасы болсын, кезекті перзентін күткен ерлі-зайыптылар болсын, шаңырақта шалықтаған сәби үнін асыға күтетіні рас. Ал жылдар бойы сарылып бір перзентке зар болғандар ше? Медицина саласында ғана емес, жалпы күнделікті отбасылық өмірде жанұяны жоспарлау дегенді жиі естиміз. Бұл қандай процесс негізі? Қандай талап қойылады?

Репродуктивтік денсаулық бұл- жүкті болу, босану және сау бала туу мүмкіндігі. Оны сақтау-әйел мен еркектің тапсырмасы. Әрбір жүкті қалаулы, ал болашақ баланың ата-аналары-дені сау болу керек.

«Әйелдің репродуктивті денсаулығының негіздері ерте жастан қалыптасады және генетикалық ерекшеліктерге, дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің патологиясының болуына, қоршаған орта факторларының әсеріне және т. б. байланысты. Жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ/ЖИТБ, жоспарланбаған жүктілік, түсік түсіру репродуктивті саланың негізгі проблемалары болып табылады»,-дейді Сарыағаш орталық ауруханасының дәрігерлері.

Жүктілікті жоспарлау – бұл болашақ аналыққа  дайындалудың ең маңызды кезеңі. Сондықтан оған шыңдап қатынасу керек. Егер сіз өз серіктесіңізбен  ата-ана болуға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің өміріңіздегі ең жауапты кезеңге мұқият дайындалуыңыз керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, болашақ жүктіліктің жоспарлауына ағзаның дайындалуы маңызды, екіншіден, аналыққа психологиялық дайындық керек.

«Жүктілік жоспарлауын бала біту жоспарлауынан жарты жыл бұрын дайындалу керек. Сол уақытта керекті анализдерді, маңызды тексерулерді өту қажет, сонымен қатар сіздің өміріңіздің тәртібін қайта құрған дұрыс. Алғашқысында әйелдер консультациясына немесе отбасын жоспарлау бойынша мамандарға жолығуыңыз тиіс, сонда сізге керекті тексерулерді тағайындайды. Осы тексерулерге, біріншіден генетикалық үйлесімділікке (ата-ана тапсырады) қан тапсыруы жатады, АИД қан тапсыруы, гепатитке және басқа да ауруларға тапсыру керек. Сонымен қатар, жыныстық жұқпалы ауруларға керекті тексерулер – хламидиоз, уреплазмоз, стрептококк, трихомониаз, гонорея және т.б. ауруларға тапсыру қажет. Егер қандай болса ауру анықталса, содан керекті ем алу қажет, негізінен әр жұқпалы ауру іштегі нәрестеге қауіпті. Сондай-ақ, қызымақ, герпес,токсоплазмоз сияқты, жұқпалы ауруларға антиденелер анықталады. Керек кезінде екпе (қызымақтан) немесе ауруының емделуі қажет»,-дейді мамандар.

Міндетті түрде терапевт, тіс дәрігері, көз дәрігерінен және басқа мамандардан консультациядан өту керек. Ішперде қуысы және кіші жамбас УДЗ  (УЗИ)  өткен абзал.

Керекті медициналық тексерулер және анализдерден  басқа, болашақ ананың жалпы ағза жағдайына қамқорлық аса керек-ті. Ол үшін өмір жайын өзгерткен абзал. «Ашық ауада болып, ұзақ демалуға» кеңес береді ақхалаттылар. Компьютер алдында отыруын қысқартыңық, көп қимылдаңыз. Жүктілік басталуына дейін белсенді спорт түрлерінен бас тартуыңыз қажет емес. Күн тәртібін міндеті түрде сақтаңыз. Ұйқы міндетті түрде 8 сағаттан аз емес болу керек. Дұрыс тамақтану қажет. Жүкті әйелдерге және емізетін аналарға үшін витамин комплекстерін қабылдау қажет. Сол комплекстерде керекті витаминдер және минералдар алынған. Оның құрамындағы йод және фоли қышқылына айрықша көңіл бөлінген. Барлық зиянды әдеттерден бас тарту керек, біріншіден – шылым шегуден және алкоголь қабылдауға болмайды.

Қорыта келгенде, психологиялық дайындығы туралы әлденеше сөз айта кетуге болады. Екі жұбайға білу қажет, жүктілік уақыты кемтарлық және психологиялық жағынан өте қиын. Әйелдерде осы уақытта әр түрлі қорқыныш, күйгелек көріністер болуы мүмкін. Еркек осындай жағдайда дайын болу керек, әйелдің кежірлігін дұрыс қабылдау және және үйде сабырлы жасау-жабдығын ұстауға тырысу қажет. Әйел өзі осы жағдайды уақытша құбылыс ғана аңғаруы тиіс және өз өзінің сондай мінез-құлқына кінәлі емес.

Есте сақтаңыз, дұрыс жүктіліктің жоспарлануы сізге сау баланы тууға көмектеседі. Өкінішке орай көптеген әйелдер осы туралы ойланбайды, нәтижесінде шала туған, ауру балалар, мүгедек балалар, нәрестелер және балалар өлім-жітімділігі болып шығады. Сау бала тек қана сау әйелден туады, сондықтан болашақ туралы ойланған абзал.

Ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Ерте жүктіліктың қауіптілігіне келер болсақ, жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді.

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу да пайдалы. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. Одан бөлек ауруханамыздағы әрбір учаскелік бөлім қаламыздағы қандай да бір мектеп үшін жауапты. Мысалы мен әскери қалашық, 2-ші шағын аудан және Үйтас ауданына қарасты мектептерде профилактикалық жиналыстар мен кездесулер өткіземін. 5-11 сынып аралығындағы қыздармен жыныстық қатынас, етеккір, уақытынан бұрын бала көтеріп қалу проблемалары, одан сақтану жолдары, жыныстық жолмен берілетін вирустық аурулар жайында ашық әңгімелесеміз. Осы іспеттес мәселемен бетпе-бет келген жасөспірім кімге қайда жолығуы тиіс екенін де ескертеміз.

 Мектепте түрлі медициналық тексерістер, екпе процедуралары болып тұрады. Одан бөлек мектеп дәрігерінің шақыртуымен  арнайы  жас қыздармен кеңестер өткізіледі. Кездесу барысында түрлі фильмдер мен бейнероликтер көрсетіп, слайд түрінде түсініктеме беріледі.

Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Ананың психологиялық көңіл-күйі (ұрыс керіс, қуаныш т.б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер етеді. Егер ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша балада да сондай көңіл-күй пайда болады. Аяғы ауыр әйел баспалдақтан шыққанда, темекі тартқанда іштегі сәбидің жүрек соғысы жиілей түседі. Ал анасы шаршағанда қимыл-қозғалысы үдей түседі.

Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады. Жүктіліктің 3 кезеңнен тұрады: алғашқы кезең – бастапқы 13 аптасында денсаулыққа немесе түрлі жағдайларға байланысты түсік қауіпі кезігеді. 13 аптада 30 грамдай ғана тартатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкі мүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады. Алғашқы апталарда-ақ оның жүрегі соға бастайды, осыншама өзгеріс пен өте тез даму қарқыны болашақ анаға күтімді қажет етеді. 1000 грамға дейін өсетін баланың кірпік, қас, тырнағы өсіп, тыныс алу әрі жыныстық мүшелері дамиды. Бұл кезеңде бойы 35 см-ге дейін жеткен нәресте ұйықтап, жұтынып, тіпті кіші дәреті пайда болады. Орта кезең – 14-26 апталардың соңына қарай анасының дене салмағы 7-8 кг қосуы қалыпты саналады. Бұдан көп болса, дәрігермен кеңесу керек. Себебі, салмақ қосатын күндер әлі алда.Және соңғы кезең – 27 – аптадан босанғанға дейін. Бұл кезең – баланың жатырдағы даму барысын тамамдайтын, қарқынды түрде өсетін кез. Орташа есеппен нәресте 3-4 кг, 50-55 см болып туылады. 32 аптада бала туылатын жағдайға бейімделіп, яғни, басы төмен орналасады. Жалпы жүкті әйелдер тіркелмеген болса да, тұратын жеріне қарасты аумақтық емханаға есепке алынады. Жергілікті (телімдік) дәрігерге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұрады. Алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса немесе қандай да бір гормондық, генетикалық үйлесімсіздіктің туындауынан секемденген жағдайда жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар, жақсы жабдықталған арнайы мекемелерге қосымша қаралған артық емес. Жүктіліктің белгілі уақыттарында қажетті талдау, тесттер арқылы баланың жатырдағы даму барысын, проблемаларын бақылауға болады.

Ерте диагностика қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады. Жүктілік мерзімі барысында әр кезеңде бір рет, яғни жүктіліктің қалыпты дамуы жағдайында дәрігердің шешімімен бас-аяғы 3 рет балаға ультрадыбыстық зерттеу жасату жеткілікті. Қаншалықты зиянсыз деп танылғанмен керексіз жасата беру де жөнсіз.

Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар. Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кезеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс. Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады.

Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс. Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдығудың үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.

Көп жағдайда ауру аяқ астынан пайда болмайды. Жүктілікті жоспарлау барысында болашақ ана терапевт дәрігердің кеңесінен өтіп, алдын ала шара қолданады. Себебі бұл кезеңде адам бойындағы барлық созылмалы аурулар көтеріліп, асқына түседі. Ал бұл баланың сау болып туылуына кері әсерін тигізеді. Бірақ сонда да ештеңеге қарамастан, өз қалауымен бала көтеремін дейтін аналар да болады. мұндай жағдайда олар толығымен біздің қарауымызда болып, жауапкершілікті өз мойнына алуға келісімін береді. Ал жеңіл аурулар қатарына жататын вирусты аурулар мен тұмаудың өзі де соншалықты үлкен мәселе деп айта алмаймын. Өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі әйелдеріміз аса сауатты, яғни жүктілікті жоспарламастан бұрын олар қандай қадамға бара жатқанын анық біледі және кездесетін кедергілерді жоюға тырысады. Егер аяғы ауыр әйел жүктілік барысында суық тигізіп алса, бірден бізге хабарласуға құқылы. Консультация барысында осы мекеменің қызметкерлері мен учаскелік дәрігерінің нөмірі беріледі. Тіпті аздаған жөтел не қызу байқаласымен бірден бізге ескертіп, ауру белгілерін баяндайды. Біз терапевтке хабарласып, ол дәрігер өз кезегінде науқастың үйіне барып медициналық тексеріс жасайды. Бұл процедура өзге емделушілерге вирус жұқпас үшін қарастырылған. Егер тұмау тиген болса, инфекциялық ауруханаға немесе терапия бөліміне профилактикалық емдеу үшін жатқызылады.

Контрацепция дегеніміз жоспарланбаған жүктілікті болдырмау. Яғни жоспарда жоқ не қалаусыз болатын жүктіліктің алдын алу үшін, сонымен бірге жасанды түсік санын азайту үшін қолданылады. Себебі жасанды түсік әйелдің денсаулығына нұқсан келтіреді. Иммунитетті төмендетеді, қаны азаяды, вирустық инфекциялардың асқынулары болуы мүмкін, тіпті бедеулікке де алып келетін жағдайлар кездеседі. Сондықтан өңірімізде контрацепция толық қамтылған. Ол үшін жатырішілік спиральдар, арнайы таблеткалар ақысыз, тегін беріледі. Бізге кеңесуге келген әрбір әйелмен сұхбаттасып, сөйлесеміз. Егер бала көтеруге дайын емес болса, онда контрацепция әдісіне жүгінеміз. Контрацепцияның түрлі жолдары болады. ең көп таралған тәсілі – таблеткалар. Кристи, Линдинет-20 атты препараттар емделушілерге толығымен тегін беріледі. Одан бөлек жатыр ішілік спираль арқылы контрацепция жасауға болады. мұның өзі кіші операция болып табылады. Егер осыған келіскен жағдайда, алдын ала тексералдын ала тексеріс жүргіземіз. Барлығы дұрыс болып, еш кінәрат болмаса, аталған процедураны өткіземіз. Кейбір елдерде екпелік контрацепция кеңінен таралған. Бұл – иыққа салынатын инъекция. Алайда алғашқы екеуімен салыстырғанда үшінші тәсіл біздің елімізде аса жиі қолданылмайды. Дегенмен, жаңа заман ағымымен болашақта медицинамызға енгізіліп, кеңінен тарайды деген сенімдеміз.

Бүгінде адамдар оқыған, тоқыған. Бұрынғыдай жоспарсыз жүктілікке тап болып, одан құтылуды ойлайтындар аз. Өйткені қазірде контрацепция жақсы дамыған. Алайды «жасанды түсік жасатқым келеді» деп келетіндер де кездеседі. Әрине, өте сирек. Айына 1 рет қана болуы мүмкін кейде. Көбінесе, мұндай әдіске жас қыздар жүгінеді.

Әйел баласы дүниеге сәби алып келгеннен кейін 3 жылға дейін кезекті жүктілікті тоқтатуына болады. Ана босанғаннан 3 күн өткен соң, ауруханамыздың акушері үйіне барып, толық тексеріс жасайды. Сонымен бірге босанудан кейін болатын келесі жүктілік туралы ескертіп, контрацепция жайлы кеңес береді. 2 айдан кейін әйел гинекологқа қаралымға келген кезде, бұл мәселе тағы да бір қозғалып, нақты шешімге келеді. Ол контрацепцияны қарапайым барьерлық жолмен, яғни мүшеқаптың көмегіне жүгініп жасатуы мүмкін. Немесе жатырішілік спираль мен дәрі-дәрмек қолдануына болады. Өз қалауына сәйкес орындалады. Себебі 6 айдан соң қайта жүкті болып қалу мүмкіндігі бар. Алайда отбасы жағдайымен немесе өзге де проблемалармен баланы босануға бара алмайды. Сөйтіп, аяғы тағы да жасанды түсік жасатуға алып келеді. Сондықтан осы жағдайда да контрацепцияның өзіндік маңызы бар. Оның адам денсаулығына еш зияны жоқ. Босанғаннан кейінгі контрацепцияға арналған Лактинет деген препарат бар. Ол жүктілік кезеңінен кейінгі және бала емізетін аналарға арнайы жасалған. Сол себепті бұл препараттың жақсы әсері болмаса, керісі жоқ.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.