ТҮРІКСТАН: ҮСІК ШАЛУ КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ КӨРСЕТЕМІЗ?

Дәл осы сұрақтың жауабын облыстың ақхалаттылары берді. Себебі, алдағы он күнде Түркістан облысына көптен бері болмаған қыс болады. Күнгейліктер үшін таңсық ауа-райы болғандықтан алаңдауға негіз бар. Ауа температурасы -30-ға дейін төмендейді деп синоптиктер дабыл қаққан соң, ақхалатты абзал жандар үсікке шалдығатындар да көбеюі мүмкін деп дабыл қағады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін облыстық дәрігерлер түркістандықтарды аса абай болуға шақырады. Ал, қайғылы жағдай орын алған Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы  төмендігі кеңестерді орындауға шақырады.

  • Зардап шеккен адамды жылыту үшін оны жылы үй-жайға әкеліп, ыстық шай немесе сүт беру керек;
  • Зақымданған аяқ-қолдарды жылы жапқышпен орау қажет.

Егер үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерлерді қармен ысқылау ұсынылмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымдауы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек, өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

 

«Anyq.kz»- ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.