![]()
«Дүниежүзілік тазалық күніне» орай бүгін Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бастаған сенбілікке Түркістан облысы мәдениет басқармасының және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері де қатысты. Олар өздеріне бекітілген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты.
Облыс аумағында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілер белсенділік танытып, жалпы 30 мыңға жуық адам қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосты. Сенбілікте саябақтар мен гүлзарларға екі жүзге жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Оларды болашақта бағып-күтуге арнайы мекеме бекітілді. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
«Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелер қоқыстан тазартылады. Науқанның негізгі міндетінің бірі – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу.
