ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев профилактикалық мақсатпен жүрінуден бастап, КТС қызметтерінің барлығы (скринингтерден басқа) ақпараттық жүйеге енгізілгенін айтады.  

«Қызметтер тізімі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын ескере отырып толықтырылды»,-дейді ол.  

Бала мектепке дейінгі немесе білім беру ұйымына түскен кезде медициналық құжаттаманы ресімдеу. Бұл жағдайда өтініш z 02.0 коды бар «Әкімшілік» – оқу орындарына түсуге байланысты тексеру бойынша тіркеледі.  

Балаларды мектеп мекемелеріне қабылдау үшін білім беру ұйымдарына қабылдау Ережелеріне сәйкес құжаттарды ұсыну қажет, соның ішінде:

денсаулық жағдайы туралы № 065/у «профилактикалық егу картасы» нысаны медициналық анықтама.  

«Бала денсаулығы паспорты» ДСӘДМ 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 «026/у-3 «бала денсаулығы паспорты»есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысаны. Сонымен қатар, төлқұжат бірнеше бөлімнен тұратынын хабарлаймыз: 3 бөлім. «Иммунопрофилактикалық іс — шаралар» — медицина қызметкері кестенің тиісті бағандарына егу күнтізбесіне сәйкес балаға жүргізілетін профилактикалық егулер туралы барлық мәліметтерді енгізуі тиіс

4 бөлім. «Міндетті емдеу-профилактикалық іс-шаралар» онда ауыз қуысының санациясына және дегельминтизацияға байланысты баланы жыл сайынғы профилактикалық тексеру бойынша түпкілікті нәтижелер көрсетіледі.

5-бөлім. «Зертханалық және аспаптық зерттеулер» — жыл сайынғы медициналық тексерулер, оның ішінде тереңдетілген тексерулер кезінде балалар халқын диспансерлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес балаларға қан, зәр және нәжіс талдауларын міндетті түрде зерттеу жүргізіледі. Кеуде қуысының флюорографиясы немесе флюроскопиясы жүргізіледі, тексерудің басқа түрлері көрсеткіштер бойынша тағайындалады.

7-бөлім. «Диспансерлік бақылаудағы адамдар туралы мәліметтер» ұсынылған кестеде диспансерлік науқасты бақылау және оны есептен шығару туралы мәліметтер көрсетіледі

8 бөлім. «Жоспарлы тереңдетілген медициналық тексерулердің деректері» ұсынылған кестелерде дені сау балаларды қарау мерзімдерін ескере отырып, педиатр дәрігердің және басқа да мамандықтардың дәрігерлерінің мектепке дейінгі жастан бастап баланы міндетті профилактикалық медициналық тексерулері туралы мәліметтер көрсетіледі

Егер бала ағымдағы жылы профилактикалық тексеруден өтпеген жағдайда, бұл алгоритм тиісті жастағы чек-парақтар бойынша және «скринингтер»(кәсіби тексерулер)өтініші бойынша жүргізіледі

Баланың мектепке дейінгі ұйымға түсуі кезінде медициналық құжаттаманы ресімдеу кезінде де осындай іс қимыл алгоритмі көзделеді Бұл тәсілдер ДСМ бұйрығымен бекітілген балалар денсаулығының жай-күйін объективті бағалау үшін чек-парақтарға сәйкес профилактикалық тексерулердің қамтылуы мен толықтығын арттыруды қамтамасыз етеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.