ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЕNBEK.KZ ПОРТАЛЫНДА 1352 БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ҰСЫНҒАН

Ұсынылған жұмыс орындарының саны үнемі өзгеріп отырады. Жарияланған жұмыс орындарының ең көбі Әл-Фараби ауданында орналасқан. Қазір аудандағы жұмыс берушілер 188 орнын ұсынып отыр. Одан кейінгі 84 бос жұмыс орнымен Қаратау болса, Абай ауданында – 79, Еңбекші ауданында – 78 және Тұран ауданында 69 бос жұмыс орын бар.

Жарияланған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 85 мың теңгеден 500 мың теңге аралығында. Қазіргі сәтте жұмыс берушілер тарапынан медицина және фармацевтика саласына сұраныс жоғары. Осы бағыт бойынша 106 орын бар. Еңбекақысы – орта білімді мамандар үшін 85 000-200 000 аралығында болса, дәрігерлер мен медициналық мекеме басшылығы қызметі үшін 120 000- 600 000 мың теңгеге дейін төленетіні көрсетілген.

Кейінгі орында білім беруді дамыту саласы тұр. Аталған саладағы біліктілігі жоқ, яғни мекеме тазалығына жауапты қызметкерлерге 85 000-100 000, ал мектепте пән мұғалімдеріне 137 000-362 000 теңге аралығында төленетіні көрсетілген.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 5 жұмыс орны жарияланып, жұмыс берушілер 85 000-150 000 теңгеге дейін айлық жалақы тағайындап отыр.

Жұмыс берушілер жас мамандарға да жақсы еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып отыр. Порталда бұл бағыт бойынша 29 хабарламаға 85 жос жұмыс орнын ұсынып, айлық жалақысын 100 000- 500 000 теңге аралығында екенін көрсеткен. Жұмыс орындарының басым бөлігі қызмет көрсету мен техникалық мамандықтарға тиесілі.

Порталда мүгедектігі бар азаматтарға да бос жұмыс орындары қарастырылған. 9 хабарламаға 48 бос жұмыс орны жарияланып, 85 000-157 000 теңге аралығында еңбекақы төленетінін көруге болады. Саласына тоқталар болсақ, сатушы-кеңесші, 1С программисі, графикалық дизайнер, спорт жаттықтырушы-оқытушысы, Call-орталығының операторы, заңгердің көмекшісі секілді орындар бар.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin