ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлының қатысуымен қоғамдағы медицина саласындағы проблемалық мәселелер бойынша жиын өтті.

Жиналысқа облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты мекемелердің бас дәрігерлері және «Шапағат» мүмкіндігі шектеусіз азаматтар қауымдастығы төрағасы Шалтан Еркінбай қатысты.

Дөңгелек үстелде тұрғындар көтерген жедел-жәрдем мәселесі, дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағалары туралы және медициналық сақтандыру бойынша сұрақтар қаралды.

Басқарма басшысы Марат Пашимов жедел-жәрдем қызметі аясындағы мәселе Министрліктің деңгейінде қарастырылып жатқанын, бір айдың көлемінде шешімі шығуы қажет екендігін айтты. Дәрі-дәрмектердің бағалары басқарманың құзіретінен тыс болғанымен, Медициналық және фармацевтикалық қызмет бақылау комитетінің басшысына бақылауға алу бойынша ықпал жасалатынын жеткізді. Ал медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмекті алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бас дәрігерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, барлығы заң аясында жұмыстар атқарылады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.