ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ АУРУХАНАСЫНДА АНГИОГРАФТАР ОРНАТЫЛДЫ

«Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі бірден үш ауруханада — Түркістан орталық қалалық ауруханасында, өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Сайрам және Сарыағаш аудандық орталық ауруханаларында орнатылды. Жаңа жабдық орнатылған аурухана мамандарын оқыту үшін Сайрам аудандық орталық ауруханасында Астана қаласының көпбейінді медициналық орталығының интервент нейрохирургы Б.Қыстаубаевтың және Италиядан келген клиникалық маман Фабрис Антонио Джованнидің қатысуымен мастер-класс өткізілді.

Мастер-класты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Оған Сайрам ауруханасының дәрігерлерімен бірге Түркістан қалалық ауруханасы мен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері қатысты. Мастер-класта екі аз инвазивті тері арқылы коронарография және мидың церебралдық ангиографиясының екі операциясы жасалды.

1964 жылғы «Ми артериясының тромбозынан туындаған ми инфарктісі» диагнозы қойылған науқасқа церебралдық ангиография жасалды, ал 1961 жылғы «тұрақсыз стенокардия» диагнозы қойылған науқасқа коронарлық ангиография жасалды.

Ангиография – бұл олардың күйі мен қызметін анықтау үшін жасалатын тамырларды зерттеу әдісі. Ол рентген сәулелерінің көмегімен жүзеге асырылады, оның барысында арнайы зат қолданылады. Егер ми тамырларының патологиясына күдік болса немесе оларды диагностикалау қажет болса, ми тамырларының ангиографиясы (церебралдық ангиография) жасалады.

Коронарлық ангиография — бұл қан мен оттегінің жүрекке жеткізілетін тамырлардың жағдайын анықтауға қызмет ететін диагностикалық инвазивті манипуляция. Зерттеу коронарлық тамырлардың тарылу дәрежесін білуге мүмкіндік береді.

Болашақта ангиография құрылғысының көмегімен 15 түрлі ТКА кардиологиялық, нейроинсульттік, хирургиялық, нейротравматологиялық, гинекологиялық және басқа операциялар жасалады. Осы жұмысты іске асыру мақсатында қажетті мамандар, медициналық жабдықтар, ғимараттар, қосымша медициналық қызметтер дайындалды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.