Ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйек күндері аралығында Алматы қаласында өткізілген республикалық «Бала дауысы-2022» ұлттық ән байқауына Түркістан облысының атынан «Төлеби аудандық оқушылар үйінің» тәрбиеленушісі Халық Ғаламат қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
«Бала дауысы» конкурсы биыл 7-ші жыл өтуде. Еліміздің барлық өңірінен 3400-ден аса үміткер қатысып, үздік деп танылған 18 жеткіншек ақтық мәреге жолдама алған. Төлеби ауданынан Халық Ғаламат облыстың намысын қорғап шыққан үшінші қатысушы. Естеріңізге сала кетсек 2019 және 2020 жылы да аталмыш байқауға Төлеби ауданының оқушылары қатысып Гран При және жүлделі ІІ орын иеленіп қайтқан болатын.
Самат Куралбаев шәкірті Халық Ғаламат бұған дейін аудандық «Балдәурен-2019» байқауынан бас жүлде, дәстүрлі «Ақ бота» өнер байқауында бас жүлде, «URKER» халықаралық өнер жәнебілім байқауында «Алтын жүлде», «Алаш» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай және Мұқағали оқуларынан» бас жүлде, облыстық «Балдәурен-2019» ән байқауынан І орын, V Республикалық «Жарық жұлдыз» атты балалар өнер байқауында бас жүлде, IV Республикалық «Дарабоз» байқауында бас жүлде, Республикалық «Жаз мереке» өнер байқауында бас жүлде иегері атанған болатын.
Қанатың талмасын жас өнерпаз!