ТҮРКІСТАН: Тағамнан уланудың алдын алу бойынша басқарма басшыларымен жиын өтті

Бүгін Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысы, өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрбек Нышановтың төрағалығымен ауқымды жиын өтті.

Департамент қызметкерлері және қалалық, аудандық басқарма басшыларының қатысуымен болған басқосуда бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар барысы талқыланып, қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан уланудың алдын алу, нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мәселесі қаралды.

«Тағамнан жаппай улану жағдайлары өзге де аудандарда қайталанбас үшін өздеріңізбен бүгін арнайы жиын өткізіп отырмын. Эпидемиялық мәні жоғары нысандардың барлығы сан-эпид бақылау қызметі тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы керек. Адам өміріне қауіп төнідіретін келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында құзыретті органдармен жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырамын», -деді департамент басшысы.

Бұдан соң, Кентау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғазиза Егембердиева Кентау қаласында тіркелген тағамнан улану жағдайына қатысты атқарылған жұмыстарды баяндады. Нұрбек Садықбекұлы азаматтардың денсаулықтарына қатысты зертханалық анализдердің сапалы жүргізілуін, осы мәселеге қатысты жұмыстарды жылдамдатуды тапсырды.

Департамент басшысының орынбасарлары Асқар Искаков және Бахтыораз Елемесов БЦЖ ревакцинациясы жөнінде және обьектілерге бақылау жүргізу тақырыптарында баяндама жасады.

Нұрбек Нышанов жиынды қорытындылай келе, аудандық, қалалық басқарма басшыларына өңірдегі кез-келген инфекциялық, паразитарлық аурулардың алдын-алу, азаматтардың тағамнан жаппай улаунуына жол бермеу,кез-келген тексерулерді заң аясында іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Ad Widget

Recommended For You