ТҮРКІСТАН: Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының отырысы өткізілді

Бүгін, Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының отырысы болып өтті. Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп отырды. Сессияға қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Түркістан қалалық мәслихаты күн тәртібінде 8 мәселе қаралды:

1. Қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының 2022жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.

2. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

3. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзышылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

4. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №11/55-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссиясының 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.

6. Қала әкімдігінің «мәдениет тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт» бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы.

7. Түкістан қаласында 2022-2023жылдардағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы.

8. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуының есебі.

Жоғарыда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.