Түлкібас: Терапия бөлімі медициналық озық қондырғылармен қамтамасыз етілген

 Түлкібас аудандық орталық ауруханасының ішкі ағза аурулар (терапия) бөлімі 42 төсек орын және күндізгі бөлімінде 10 орын науқасты қабылдайды. Ішкі ағзалар бөліміндегі бөлімше дәрігерлері мен қызмет атқаратын мамандар, дәрігерлер Байжарқынова Ақерке Жұмабекқызы, Бегалиева Гульмира Тлеулесқызы, аға мейірбике Момбаева Ақжан Сабырқызы және Мейірбикелер С.Ибрагимова, А. Бейсенбаева, Ш.Құрманалиева, А.Әбдіхалық, бөлімшенің тазалығына жауапты Г. Садықова, А. Әлтеева, З. Абдулаева,тазалықшы Ф.Керимбекова сынды қызметкерлер жұмыс атқарады.

Бұл бөлімді білікті дәрігер Меруерт Бақытқызы Нағашбек басқарып келеді. Ішкі ағзалар бөлімінде қызмет атқаратын дәрігер Меруерт Бақытқызы Халықаралық қазақ-түрік университетінің терапия саласы бойынша бітіріп, жолдамамен ТАОА терапевт дәрігері мамандығымен қызметке қабылданады. Дәрігер өзінің іскерлік қабілетімен, мамандығына деген адалдығымен көзге түскен оны аталмыш аурухананың басшылығы терапия бөлімінің меңгерушісі етіп бекітеді. Міне, сол 2021 жылдан бері терапия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етіп келеді. Өткен жылы Меруерт Бақытқызы қайта даярлау мамандығында біліктілігін арттырып, реабилитолог-дәрігер маман сертификатын алды.

Терапия бөлімі соңғы жылдары медициналық озық қондырғылармен қамтамасыз етілді. Бүгінде мұнда 18 дана кислород концентратор, тұзды шахта науқастар игілігіне қызмет атқаруда. Терапия бөлімі тұзды шахтамен емдеуді бастап кетті. Ем алушылар алдымен толық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда дәрігердің шешімімен 5-10 күндік курс ретінде тұзды шахтаның көмегімен ем қабылдайды. Аталмыш ем түрі бронх демікпесі, бронхит, пневмония, ЛОР-патологиясы (аллергиялық ринит, синуситтер, гаймориттер, аденоидтар, фарингиттер, тонзиллиттер), аллергия, тері аурулары (псориаз, экзема), орталық жүйке жүйесі секілді ауруларды емдеуге және алдын алуға бағытталған.

Тұзды шахтадағы ем қабылдау пайдалы микроэлементтерге бай ауаны жұту жолымен жүзеге асырылады. Ең бастысы, ағзадағы зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен қатар, ағзадан жедел түрде улы заттар шығып, олар тұздың табиғи теріс иондарымен алмасады.

Сондай-ақ, тұзды шахта стрестен арылуға, созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде, невроз, ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттырып, ұйқыны жақсартуға көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары ауруларына да пайдалы. Емделген науқастар тұз шахтасының адам денсаулығына пайдасы және әсері өте жақсы деп өздерінің жылы пікірлерін білдіруде. Ішкі ағза аурулар бөлімінің бар мақсаты – науқас жандарға дер кезінде медициналық көмек көрсету, оларды салауатты өмірге баулу болып табылады.

Алғыс арқалаған ішкі ағзалар бөлімінің ақ халатты абзал жандары, ем алушы науқастардың көңілінен шығып, жандарына дауа, тәндеріне шипа болардай ем беріп, жақсы сөздеріңізді арнап, ел үшін еңбек ете беріңіздер. Халықтың алғыс-сауабына бөленіңіздер!

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.