Түркістан: Бейбіт шеру ұйымдастырудың талаптары жөнінде ақпарат берілді

Түркістан қаласы әкімдігі, 109 — Бірыңғай байланыс орталығының Instagram (@turkistan109) және Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы тікелей эфирде бейбіт шеру ұйымдастырудың талаптары жөнінде ақпарат берілді.


Заңды тәртіп пен ережелерді «Заң бөлімінің» басшысы Сабыржан Садуақас толығырақ айтып, түсіндірме жасады.

ҚР 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, қандай да бір митинг, пикет немесе шеру өткізілмес бұрын, сол аймақтың жергілікті атқарушы органына бес жұмыс күні ішінде қағаз жүзінде немесе электрондық құжат түрінде жеткізілуі тиісті. Хабарламаның жергілікті атқарушы органда тіркелген күні бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны беру күні болып саналады.

Және де осы заңның 12-бабына сәйкес, демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз немесе электрондық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында берілуі керек. Өтініштің жергілікті атқарушы органда тіркелген күні келісуді алу туралы өтінішті беру күні болып есептеледі.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 488-бабы негізінде ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, қатысушыларға 30 айлық есептік көрсеткіш ке дейін айыппұл салынып немесе 5 күн қамауға алынады. Ал, ұйымдастырушыларға 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді немесе 15 күн қамауға алынады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған шараларға қатысушы заңды тұлға болса 100 айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. ҚР Қылмыстық кодексiнің 400-бабына сәйкес, Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзу, яғни, Заңсыз жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация немесе өзге де заңсыз жария іс-шараға жәрдемдесу арқылы азаматтарға зарар келген жағдайда екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына берілуі, екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, яки елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.