Түркістан: Жетісайлықтар 400 балаға сый-сияпат жасады

1 Маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» адам өміріндегі ең үлкен бақыт-ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу.


Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын баларына көрсетіп, олардың жан – жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады.

Осы іс-шараға орай Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 1 маусым күні «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен» күндіз болу орталығы»-да 35 балаға, «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығы»-да 51 балаға, 18-жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде есепте тұрған 294 (екі жүз тоқсан төрт) мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік және қайырымдылық іс-шарасы жылда ұйымдастырылады. Барлық балаларға сыйлықтарын үйлеріне дейін жеткізіп береміз.

Аудан бойынша «1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау» күні мерекесіне орай жалпы 400 (төрт жүз) мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілер есебінен 3 120 000 (үш миллион бір жүз жиырма мың) теңге қаржы жиналды» дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

  1. Неотразимый стиль современных тактичных штанов, как носить их с другой одеждой.
    Неотъемлемая часть гардероба — тактичные штаны, которые подчеркнут ваш стиль и индивидуальность.
    Тактичные штаны: секрет успешного образа, который подчеркнет вашу уверенность и статус.
    Сочетание стиля и практичности в тактичных штанах, которые подчеркнут вашу спортивную натуру.
    Советы по выбору тактичных штанов для мужчин, чтобы подчеркнуть свою уникальность и индивидуальность.
    Секрет стильных мужчин: тактичные штаны, которые подчеркнут ваш вкус и качество вашей одежды.
    Сочетание стиля и практичности в тактичных штанах, которые подчеркнут ваш профессионализм и серьезность.
    тактичні чорні штани https://dffrgrgrgdhajshf.com.ua/ .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.