ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін, аталған тазалық акциясына сәйкес Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты көшелерге санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына ауданның тұрғындары, ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенділер атсалысып, шөптерді орып, ағаштарды қырқу, әктеу мен қатар иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады.

Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 27 арнайы техника, 2000-нан астам адам жұмылдырылды.

-Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз, — дейді тұрғындар.

Айта кетейік, аталмыш шара Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында өткізілуде. Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілді.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.
Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде қаладан 300 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 355 шақырым ирригациялық жүйе, 95 аялдама жуылып, 1200 дана қоқыс жәшігі (урна), 285 дана орындық сырланды.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin