Түркістан: Жетісай ауданы басшысы үшемнің отбасына сый-сияпат жасады

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бүгін Қарақай ауылдық округі Сәтпаев елдімекеніндегі педагогтар отбасында дүниеге келген үшемнің шаңырағында болып, сый-сияпат жасады. Ізгі тілегін жеткізді.


Жергілікті ауылдың мектебінде жұмыс істейтін Жомарт Бахитов пен жары Аягөз Қарымсақованың жанұясында бұған дейін 2 қыз, 1 ұл дүниеге келген. Жуырда отбасы мүшелері тағы 3 адаммен толықты. Айы-күні жетіп, Ернұр, Балнұр және Айнұр есімді үшемді аман-есен босанған Аягөздің де, сәбилердің де бүгінде денсаулықтары жақсы.

«Ауданымызда үшем өмірге аман-есен келуі біз үшін де үлкен мақтаныш. Қуанышты хабарды естіген сәттен бастап қандай көмек көрсете алатынымызды ақылдастық, талқыладық. Сәбилер мен анасына жергілікті әкімдік пен денсаулық сақтау мекемелері тарапынан көмектер көрсетілетін болады. Алла көзге көрсетіп, қолға ұстатқан перзенттерін ғұмырлы етсін! Елдің игілігіне еңбек ететін ер мінезді тұлғалардан болуын нәсіп етсін» деген Мұрат Қадырбек сәбилерге арналған коляскалар мен кір жуғыш машинаны сыйға тартты.

Айта кетейік, жылына орта есеппен 8500 сәби өмірге келетін Жетісай ауданында былтыр туылған 52 егіздің 22-сі егіз қыздар, 16-сы егіз ұлдар болса 14-і аралас сәбилер. Биылғы жылдың басынан бері туылған 3500 сәбидің 30-ға жуығы егіздер.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.