Түркістан: Жіті респираторлық вирустық инфекция балаларға үйір

Әлемдегі тұмаудың ең кең тараған тобы: парагрипп, риновирусты және аденовирусты инфекция. ЖРВИ-жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынулары. Вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынуы мүмкін. Осы орайда, Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері дабыл қағып, денсаулыққа мән беруге шақырады. Себебі, аурумен көбіне балалар ауырады.

Вирус тыныс алу жолдарына түсіп, шырышты қабығында зиянды заттар уыттарын бөліп шығарады. Содан кейін олар қан арқылы барлық ағзаға таралады. ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.

ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында жасырың кезең орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауру басталар алдында адамды мазалауы мүмкін сезімдер: шаршау, әлсіздік, ашуланшақтық. Ауру асқынғаннан кейін бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшық еттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін және терлегіштік. Тамақтың ауруынан кейін жөтел пайда болуы мүмкін. Кей жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен конъюнктивит — көздің зақымдану белгілері болуы мүмкін.

ЖРВИ мен тұмауды алдын алудың 3 түрі белгілі :

  • Екпелік алдын алу;
  • Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
  • Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.

Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.

Екпе — кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады.

Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларын және басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту. ДСҰ жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда –кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдарға ұсынады.

Қауіп-қатердің ерекше тобы: жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды.

Қазіргі таңда тіркелген жүкті әйелдер арасында тұмаудан болған аурудың өліммен аяқталған жағдайы шамамен 5% расталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық жүкті әйелдерге екпе егуді, соның ішінде маусымдық тұмауға қарсы белсенділігі жойылған екпе егуді ұсынады.

Негізгі тұжырымдар:

  1. Тұмауға қарсы вакцина қауіпсіз;
  2. Екпе жасау егде адамдар мен қатерлі топтар арасында ауруларды, емдеуге жатқызу және өлім-жітімнің болу қауібін азайтады;
  3. Тұмауға қарсы екпе дені сау жастар, балалар мен ұйымдастырылған ұжымдар арасында ауру және асқыну қауіпін азайтады;
  4. Егде адамдар мен қатерлі топтарға екпе міндетті түрде ұсынылады.

Емі.

ЖРВИ емдеу әдетте дәрігердің бақылауымен үй жағдайында жүргізіледі.

Пациентті ауруханаға тек аса ауыр жағдаятта немесе шиеленген жағдайда жібереді.

Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат ішуі керек. Жылы шай мен морс ішкені жақсы. Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы немесе жөтелге қарсы дәрілерді дәрігердің тағайындауымен қолдануы тиіс.

«ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады», — дейді ақхалаттылар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.