Түркістан: Сайрам ауданында «Ауыл – ел тірегі» жобасының жұмысы қорытындыланды

«Ауыл – ел тірегі» жобасы аясында өткен Ақбұлақ ауылдық округіндегі онкүндік қорытындыланды.


Ауылдық округ бойынша осы он күнде  атқарылған жұмыстардың мән-жайын аудан  әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаевқа бөлім басшылары баяндады. Жиынға аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмурадов та қатысты.

Ақбұлақ ауылдық округінде жалпы 84 іс-шара қамтылып, 53-і іске асырылған.

Онкүндікте ауылдық ок-руг бойынша аудан әкімінің қаулысына сәйкес жалпы 140,0 гектар жайылымдық жер учаскесі қайтарылып, Ақбұлақ ауылдық округі әкімдігі мемлекеттік мекемесіне та-бысталды. Құрмантаев, Қонаев көшелеріндегі электр трансформаторлары қоршалды.

Рәсіл ата және Қонаев көшелеріндегі тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылды.

«Жаса 2» ЖШС-і жүктелген қызметті дұрыс орындамағаны үшін келісімшарт бұзылып, күл-қоқысты шығару жұмысы «Бұлақ» ЖК – ге жүктелді. Тозығы жеткен 12 темір – бетон құдықтары ретке келтірілді. Мүмкіндігі шектеулі отбасын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби және Ақсу көшелеріндегі ақаулар қайта қалпына келтірілді.

«Аламан», «Күшік» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 3 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы грант алып, (тамшылатып суғару) тиісті жұмыстар атқаруда, — деп баяндады аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М. Нұрлыбаев.

Аудан басшылығы онкүндік барысында белсенділік танытқан тұрғындар мен қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.