Түркістан: Сүт безі обырын емдеуге болады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жылына біздің елімізде шамамен 35000 адам онкологиялық аурулармен тіркеледі екен. Сүт безі қатерлі ісігінің адам күдік тудыратын алғашқы белгілері, себептері мен ем-шаралары жөнінде Түркістан облыстық клиникалық аурухананың құрамындағы №5 онкологиялық емханасының мамандары тұрғындарға жиі жиі түсіндіріп тұрады.  «Сүт безі обырын алдын алу мақсатында» Облыстық клиникалық аурухананың құрамындағы №5 онкологиялық емханасында, сондай-ақ ҚР барлық онкологиялық ұйымдарында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Тұрғындар сол күні тегін тексерулерден өтіп, кеңес алады. Әсіресе мамандар сүт безі қатерлі ісігінің күдік тудыратын алғашқы белгілері жайлы жиі айтып отырады.

«Сүт безінің қатерлі ісігі өзінің аты айтып тұрғандай қатерлі обыр болып табылады. Егер де сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылса, ол ешқашан да қатерсіз деп саналмайды. Ол тек қатерлі нақты диагноз болып табылады. Қатерлі ісік аурулары өздерін аса білдірте бермейді. Олардың белгілерінің барлығы жасырын түрде өтеді. Сүт безінің симптомдары тек ІІІ-IV сатысына өткен кезде ғана өздерінің белгілерін бере бастайды»,-дейді маммолог-онколог дәрігерлер. 

Маммолог онколог дәрігерлерінің міндеті – сүт безінің обырын алғашқы сатыларында анықтау. Алғашқы сатыларында сүт безі тек зерттеулер арқылы анықталады. Ал кеш сатыларындағы симптомдарына тоқтайтын болсақ, ол ауру сезімі сосын омырауда деформациялардың пайда болуы. Кейде екі омырау екі түрлі болуы мүмкін. Немесе обыр бар жердегі орын сыртқа шығып анықталып тұруы мүмкін. Және әйел өзінде түйін таба алады. Негізгі осы үш симптомдармен әйелдер бізге келеді. Үшінші сатысында кей кездері терісінде қызару белгілері пайда болады. Сонда науқастар өзінде қабыну синдромы бар деп ойлап қалады. Ал обыр ауруы солай да жасырын түрде қабыну ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек ІІІ-ІV сатысында ғана көрініс табады. І-ІІ сатысында обыр өзін ешқандай байқатпайтынын алға тартады.

обыр ауруы қазіргі таңда емделетін ауру. Ол сырқаттың сатысына байланысты. Қай сатыда анықталса, сол сатысына байланысты емдеуге болады. Обыр ауруын 100 % емдеуге болады. Қатерлі ісік жасы үлкен, егде науқастарда тезірек жазылады. Науқас жас болған сайын оның ағымы қиынырақ өтеді. Ісіктер тез метастаз береді. Ол көбіне жас науқастарда және үшінші, төртінші сатыдағы науқастарда болады. Егер сүт безі қатерлі ісігінің бірінші немесе екінші А сатысында болса, бұл ауруды емдеуге болады. Ол түсінікті жағдай. Медицина саласы бір орнында тұрған жоқ. Сондықтан сіздің көршілеріңіз, туыстарыңыз, таныстарыңыз сүт безінің қатерлі ісігі емделмейді десе, ол дұрыс емес. Себебі сүт безінің обыры бірінші, екінші сатысында емдеуге болады. Обыр диагнозымен сіз өмір сүресіз. Сондықтан оны созылмалы аурулар қатарына жатқызуға болады. Бұл диагнозбен өмір бойы бақылауда тұрасыз. Бірақ оның ағымы созылмалы түрде өтеді.

Сүт безінің қатерлі ісігінің пайда болуының нақты себептері жоқ. Бірақ сүт безіне алып келетін себептерді екіге бөлеміз. Ол бақыланатын және бақыланбайтын себептер. Соның ішінде бақыланбайтыны сізге тиісті емес. Сіз оны ешқашан бақылай алмайсыз. Ол үлкен жастағы науқастарда көбірек кездеседі. Сіздің жасыңыз ұлғайған сайын сүт безінің пайда болу қатері сізде көбірек жағдай. Екіншісі генетикалық жағдай. Сіздің анаңызда, немесе туған әпкеңізде, анаңыздың туған әпкесінде, сіздің әжеңізде сүт безінің обыры болса, сізде сүт безінің обыры болуы мүмкін. Ол тек мүмкін. Бірақ ол 100%-ға емес. Үшіншісі кеуде қуысына сәулелі терапия емін алсаңыз. Оны рентген, компьютерлік томография, магнит деп шатастырмаңыз. Ол мысалы сізде өкпенің обыры болып, соған байланысты сәулелі терапия алсаңыз. Сол сәулелердің әсері сүт безіне де әсері болуы да мүмкін. Тағы бір себебі жас қыздардың етекірі 12 жасына дейін басталса, әйел адамдарда 55 жасына дейін тоқтаса, бұл да себептердің бірі болып табылады. Одан кейінгі себебіне жүктілік жатады. Егер алғашқы жүктілік кеш уақытта 30-35 немесе 40 жастан кейін болатын болса, ол сол себептердің бірі болып табылады. 

Сүт безінің обыры арнайы кезеңдеріне байланысты жіктеледі. Оның арнайы сатылары бар. I, II, III, IV сатылары деп бөлінеді. Әр сатысының өзінің арнайы белгілері болады. І сатысында сүт безі өзін ешқандай байқатпайды. Тек зерттеу жасаған кезде байқаймыз. Обыр 2 см-ге дейінгі көлемде болады. ІІ сатысында обыр 2 см-ге дейін болып, қолтық астындағы лимфатүйіндері зақымданады. ІІІ сатысында обыр үлкен болады. Көлемі 5 см-ден асады. Және қолтық асты лимфа түйіндері зақымданады. Және терінің зақымдануы болуы мүмкін. Обыр үлкен болады. Қабыну белгісімен өтеді. Ал басқа сатысында метастаз береді.. Сүт безіне ем тағайындаған кезде осы арнайы сатыларына байланысты тағайындаймыз.

Науқасқа төртінші сатысы деген диагноз қойылған кезде, олар өмірден түңіліп, менде төртінші саты мен өмір сүрмеймін немесе маған аз уақыт қалды деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Мысалы, науқастың сүт безінде 2- см ісік бар. Және бауырына бір метастаз берді деп ойлайық. Ол төртінші сатысы. Бұл науқастың өмір сүру мүмкіндігі 95 %. Ол 5 жылдың ішінде метастаз бермей, науқас өмір сүруіне болады. Себебі біз сүт безіндегі обырды алып тастаймыз. Бауырдағы ісікті алып тастаймыз. Науқас сау деп есептелінеді. Бірақ біз төртінші стадияны қойдық. Енді екінші науқасты алайық. Солай 2-3 см көлемінде сүт безінде ісігі бар делік. Ал бас миында, бауырында, өкпесінде метастаздар бар. Бұл науқастың өмір сүру мүмкіндігі аздау. Себебі оның метастаздары көп. Метастаз дегеніміз бірінші негізгі ісік анасы бүкіл денеге балалап кетеді. Осы метастаз түсінігі болып табылады. Екінші науқасқа келер болсақ, өмір сүру мүмкіндігі аз. Сондықтан төртінші сатысы деген диагноз қойған кезде оны дәрігерден сұрау керек. Қандай ем қойылады? Өмір сүру мүмкіндігім қандай? Химиотерапия жасаса жазылып кете ме? Онкологияда 5 жыл, 3 жыл өмір сүру мүмкіндігі деген болжамдар бар. Сондықтан төртінші стадия деген диагноз сіздің өміріңізге ешқандай қауіп-қатер төндірмеуі керек. Оны нақты анықтап білу керек.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.