Түркістан: Ордабасы ауданында биыл 5 көшенің 4,8 шақырымына жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі

Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 22 млрд 834 млн теңгеге жетіп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4 млрд 255 млн теңгеге артты.


Сондай-ақ, ауданға тартылған инвестиция былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 есеге артып, 7 млрд 549,9 млн теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылық саласында 10 млрд 848,5 млн теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, мал мен құс еті 7 651,9 тонна өндіріліп, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызды құрады. Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар. Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айында 8 млрд 77 млн теңгеге жетті. Аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 10 862. Оларда 15 551 адам жұмыспен қамтылған», — деді аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Ауданда биыл 5 көшенің 4,8 шақырымына жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 6 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған. Аудандағы 57 елді мекеннің 7-і табиғи газбен қамтылған. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен 5 елді мекеннің табиғи газ жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 22 елді мекеннің республикалық бюджеттен қаржысы қаралған. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.