Түркістан: Төлебиде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысы талқыланды

Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.


Жиынды аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев ашып, жүргізіп отырды.

Лесбек Әуезханұлы өз сөзінде биылғы жылы жаз ерекше ыстық болғандықтан өрт орын алу қаупі бар екендігін ескертті. Өрттің орын алуына себеп те көп. Аудан тұрғындары қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Басқосу барысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жұмысы талқыланды.

— Жаздың ыстық айларында Көксәйек ауылдық округі мен Леңгір қаласының аумағында орналасқан, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жану оқиғалары орын алуда. Улы түтін іргелес жатқан елді мекендердің тұрғындарының денсаулығына зиянын келтіруде, деді өз баяндамасында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бақытғали Есіркепов.

— Полигонның меншік иелері, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қойылатын талаптарды толығымен орындаған жағдайда, болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі туады. Есіңізде болсын, сіздің әрекетіңіз тек өрттің алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірін қорғап қаласыз,- деді төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау капитаны Арнұр Қалдықара. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.