Түркістан: Төлеби ауданында биыл 50 көше жөндеуден өтеді

Төлеби ауданында биыл жалпы ұзындығы 78,3 шақырымдық 50 көше орташа жөндеуден өтеді.


Қазіргі 31 көшеде жұмыстар жүруде. Жыл соңына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталмақ.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Аққұм ауылдық округіндегі Бұлақты және Әулиетас көшелерін аралады. Бүгінгі күні Момынай елді мекеніндегі 1,2 шақырымды құрайтын Бұлақты көшесін орта жөндеуден «Бірлік» ЖШС өткізуде. Ал, Жаңаұйым елді мекеніндегі Әулиетас көшесінің 1,5 шақырымын «АНК-Даму» ЖШС асфальттаған.

Сондай-ақ, Алатау ауылдық округі Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан көшесінің 1,2 шақырымына, Қайнар елді мекенінің Самал көшесінің 1,2 шақырымына, Д.Қонаев көшесінің 1,1 шақырымына асфальт төселуде. Жолдардың құрылысы Қоғалы ауылдық округіндегі Диханкөл елді мекенінің Теріскей көшесінің 1,4 шақырымында, Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік елді мекені Нұрлы көшесінің 1,3 шақырымында жүргізілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.