Түркістан: Төлеби ауданында көпқабатты 9 тұрғын үй бой көтерді

Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы  1-мөлтек ауданында бес қабаттан тұратын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде.


20 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы тұрғын үйдің аумағы — 11 000 шаршы метр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Құрылыс барысы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрақты бақылауында. Мердігер компания басшымен кездескен Төлеби ауданының әкімі құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.

Жалпы, Леңгір қаласы бойынша 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар.

Айта кету керек, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған. Облыс орталығында дәл қазір 7,9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін 1000-ға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.