Түркістан облысында Марокко шегірткесіне қарсы күрес қызу жүріп жатыр

Марокко шегірткесінің негізгі ошағы Сарыағаш, Арыс және Шардара аудандарының аумағы болып саналады. Биыл 67 400 гектар жерді химиялық өңдеуден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа 28 арнайы техникалар мен ұшақтар жұмылдырылған.

Бүгінге дейін 44 мың гектарға химиялық қоспасы бар дәрі себілді. Мамандар күніне 4800 гектарға дейін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Тек, кешегі жел, күннің ыстығы жұмысқа кері әсерін тигізіп жатыр.

Қазір екі ауданда дәрілеу жұмыстары қарқынды. Әсіресе, Сарыағашта Әлімтау, Арыста Қожайтоғай, Бақырша елді мекендерінде. Аталған аудан әкімдіктері мұндағы жағдайды назарға алып отыр. Сондықтан жұмыс күшінің басым бөлігі сонда жұмсалып, зиянкестермен күрес күшейе түсті.

Ауа райы әсерін тигізбесе, алдағы екі-үш күнде толық залалсыздандырып бітеміз, — дейді салаға жауапты мамандар.

Жұмыс таңғы сағат 5:30 бен 9:30 аралығы, кешкі сағат 18:30-дан күн батқанша жұмыс жүруде. Өйткені күн 25 градустан жылы болса, жұмыс өз тиімсіздігін көрсетеді.

Енді, шегірткелер таулы аймақтарға Қазығұрт, Төлеби секілді аудандарға қарай өтіп жатыр. Қазір аудан, қала әкімдері барынша көмек көрсетуде.

«Бұл жақтада жағдай – бақылауда» — дейді басқарма жауаптылары.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде көктемгі дала жұмыстары, диқандарға қолдау көрсету шаралары, Марокко шегірткесіне қарсы күрес күшейтілді. Келес ауданында шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау және оларды жоюға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі штаб құрылған. Келес ауданы бойынша 1 770 гектар алқаптың 1 575 гектары 2 жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен өңделуде.

Түркістан облысындағы 10 ауданда шегірткемен күрес шаралары жүргізіледі. Бұл туралы Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлімдеді.

Түркістан облысында аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шаралар биыл 10 ауданның аумағында жүзеге асады. Атап айтар болсақ, Сарыағаш, Келес, Арыс, Бәйдібек, Төле би, Қазығұрт аудандарында «Марокко» атты үйірлі шегірткелермен күрес жүргізілмек.

Ал, Созақ ауданына азиялық шегірткеден қауіп бар. Аталған фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында инспекция тарапынан 40 мемлекеттік инспекторлар мен 19 қызметтік автокөліктер жұмылдырылып отыр.

«Жергілікті шаруа қожалық иелері сала мамандарына шегірткенің табылғандығы туралы ақпарат берсе болды, бірден дәрілеу жұмыстарын жүргізеді. Шегірткелер көк дақылдың барлығына зиян келтіреді. Әсіресе, үйірлі шегірткелер өсіп тұрған жасыл желекті 100 пайызға дейін жарамсыз етіп тастайды» — дейді Ибрагим Бегасилов.

Химиялық өңдеу жұмыстары алғашқы болып Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінен басталды. Мұндағы экономикалық зиянды шегінен асқан 10280 гектар алқаптың 9240 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Арыс қаласында экономикалық зиянды шегінен асқан 3890 гектар алқаптың 3645 гектары өңделіп, 5 жер үсті желдеткіш бүріккіштері жұмыс істеуде.

Келес ауданында да бұл бағытағы жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Өңірдегі 1770 гектар алқаптың 1575 гектары 2 жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен өңделіп жатыр.

Сауран ауданы бойынша 610 гектардың 260 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 67 240 гектар жерге жоспарланған. Оның ішінде 59050 гектары жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен, ал 8240 гектары әуемен жүргізіледі.

Түркістан облысындағы 53 ауылдық округте Марокко шегірткесіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр. ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, өңірде шегірткеге қарсы күрес шаралары жоспарға сай атқарылып жатыр.

Бұл ретте бір күнде 3500-4000 гектар алқапта химиялық өңдеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Оған 26 жерүсті бүріккіш техникасы мен 1 АН-2 жеңіл ұшағы жұмылдырылған.

«Түркістан облысында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмысы 8 сәуір күні басталды. Жоспарланған 705 000 гектар алқаптың 570 000 гектарында зерттеу, анықтау жұмысы жүргізілді. Марокко шегірткесінің қоныстанған аумағы 90 мың гектарды құрап отыр. Оның 48000 гектарында экономикалық зиянды шегінен асқаны анықталып, 41000 гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді», — деді Ибрагим Бегасилов.

Биыл аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауылдық округінде жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша марокко шегірткесі көп тараған аймақтар ретінде белгіленген Сарыағаш ауданында 24 000 гектар, Арыс қаласында 11 000 гектар өңделген.

Өңірдегі шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын толықтай аяқтауға әлі 10 күндей уақыт бар. Бұл ретте шегірткеге қарсы күрес күшейтілген.

Алдағы уақытта марокко шегірткесіне қарсы барлығы 67 290 га алқапта, оның ішінде 59 050 га жерүсті желдеткіш бүріккіш техникамен, 8240 га әуемен химиялық өңдеу жұмысы жүргізілмек.

Шегіртке — қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңызды тұқымдасының бірі — нағыз шегірткелер; және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы. Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты, шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің (ұшпа, шөл, қызылшегіртке және т.б) саяқ шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып, бірнеше жүздеген, мыңдаған гектар жерді басып, бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп, солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен. Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері – Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары. Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады, 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді, ал бір аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді. Негізгі қорегі қамыс болғанына қарамай, үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған астық алқабын жоқ қылып жібереді, сонымен қатар капуста, қарбыз, күнбағыс және тағы басқа қоректеніп, біршама зиян келтіреді.

Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және кәдімгі обыр шегірткелер бір-бірімен туыстас болып келеді. Әсіресе, обыр шегіртке мен көк шегірткелер бір-біріне өте ұқсас. Бұл жәндіктердің барлығының денелері ұзындау, ал артқы аяқтары секіруге ыңғайлы болып келеді. Аталған жәндіктер қанаттарының көмегімен дыбыс шығара алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.