ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНДЕРІ 239 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркелген. Алдағы уақытта жылыжай кешендері 239 гектраға ұлғайту жоспарда бар. Шымкентте жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен бірлесе 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев мәлімдеді.

Жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен бірлесе 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарланған. Нәтижесінде қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылады. Жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артады. Аталған жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындардың 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып, коммуналдық шығындарға 1 гектарына 4 — 8 миллион теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі, — деді Т.Мекамбаев.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады.
Қалада өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың гектарды құраса, биыл егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың гектарға жетіп, 86,0 мың тонна өнім жинау күтілуде.

Сондай-ақ брифинг барысында ауыл шаруашылығына соңғы жылдары тартылған инвестиция көлемінің артқандығы атап өтілді. Биыл да осы бағытта құны 16 миллиярд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.Оның ішінде 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу цехы, 2 құс шаруашылығы, 1 мал азығы, 1 жеміс-көкөніс қайта өңдеу, 1 мал бордақылау алаңы, 1 жылыжай кешені бар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin