Түркістан облысы: Арыс қаласы бойынша «Ауыл аманаты» жобасын ауыл жұртына кеңінен түсіндіру мақсатында жұмысшы топ өкілдері Жиделі мен Байырқұм ауылдарында болды

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова елді мекен тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасын ауыл жұртына кеңінен түсіндіру мақсатында жұмысшы топ құрған болатын.

Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның Қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Ақылбекұлы, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары Берік Асқанбайұлы бастаған жұмысшы топ өкілдері Жиделі мен Байырқұм ауылдарында болып, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алуға ниетті әр азаматқа құжаттарды рәсімдеуде нақты көмектер мен кеңестер берді.

Бұл бағытта жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.