Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында ағын су мәселесі талқыланды

Өткен жылы Бәйдібек ауданындағы Қазата елді мекенінің жоғары жағында орналасқан «ҚазСуШар» РМК мекемесіне қарасты Қапшағай су қоймасының арнайы су босату шахтасында саңылау пайда болып, апатты жағдай орын алғандықтан, қажетті жоспарда сақталатын су қоры жиналмаған болатын.

Осы мәселеге байланысты туындайтын ағын су тапшылығынан Комсомол каналының бойынан су алатын шаруалардың егін алқабына ағын су беруге шектеу қойылуы мүмкін екендігі шаруалар назарына сол мезетте жеткізілген. Комсомол каналы арқылы аталған су қоймадан ағын су алатын аудан шаруаларына биыл осы орын алған апатты жағдайға байланысты көктемгі тасқын су есебінен (транзит) 1 рет қана ағын су босатылған болатын. Алайда, 2023 жылғы 8 маусымнан бастап «ҚазСуШар» РМК Түркістан филиалымен бірлесе отырып, келісімшарт негізінде шаруаларға қосымша 4 миллиард текше метрге жуық ағын су босатылды.

Босатылған ағын суды егістік жерлерге тиімді пайдалану мен басқада шаруалар көкейінде жүрген мәселелер талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айта өтейік, Комсомол каналы арқылы Алғабас пен Жамбыл ауылдық округіне қарасты 103 шаруа қожалығының 2649,9 гектар суғармалы жері суғарылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 317 Comments