Түркістан облысы: Жетісайлық диқандар лазерлі тегістеудің ағын су тапшылығының алдын алу мен мол өнімге қол жеткізудің тиімді тәсілі екенін түсіне бастады

Ерте көктемнен егістіктің басынан табылатын жетісайлық шаруалардың дер кезінде егінін егіп, мол өнім алулары үшін қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, заманауи техникалардың көмегімен мамандардың сынақтан өткен тәсілдерін көрсетіп, ғалымдардың нұсқаулықтарын ұғындыруды жергілікті билік күн тәртібінен түсірген емес.

Тың тәсілдерді меңгеріп, аудан диқандарына бірнеше рет семинар өткізген «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының төрағасы, білікті агроном Ербол Ералиев Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовқа егістік басында лазерлі тегістеу әдісінің тиімділігін көрсетті.

Бірнеше жылдан бері лазерлі тегістегіш тәсілін қолданып, ағын суды үнемдеумен қатар мақта дақылынан мол өнім алып келе жатқан қожалық төрағасы аталмыш тәсілді қолданған соңғы 4 жылда жер айдауды тоқтатқанын, жерді тегістеп, 2-3 мәрте алатын жазғы суды бір рет алатындарын айтады.

«Қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу кезінде жерді 70-80 см дейін терең қопсытып, биіктігін 10-15 см су қоямыз. Бұған дейін қысқы сор шаю жұмыстары кезінде гектарына 8 текше метрге дейін ағын су алып келсек, қазір гектарына 3,5-4 текше метр ғана су пайдаланамыз. Мұндай әдісті 7-8 жылда бір қолдану керек» — дейді Ербол Жолдасбайұлы.

Айта кетейік, жаңа технологиялық тәсілді таныстырып, қажет болған жағдайда ауданның кез-келген шаруасына түсіндіруге, жұмыс жасау ережелерін үйретуге дайын екенін айтқан Ербол Ералиев басшылығындағы «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының иелегінде бүгінде 497 гектар егістік жер бар. 56 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық ағымдағы жылға 200 гектарға мақта, 180 гектарға бақша дақылдарын, 81 гектарға жоңышқа мен 36 гектарға дәндік жүгері егуді жоспарлап отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.