Түркістан облысы: Жетісай ауданының әкімі ағын судың жағдайымен танысты

Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудан әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Тұрышбек Елшібаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов пен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Жетісай аудандық бөлімшесінің басшысы Орынбасар Тастанов аудандағы ауыл шаруашылығы саласына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың биылғы жылғы вегетациялық кезеңде ағын судың мөлшерін білу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының басқа да мәселелеріне назар аудару мақсатында Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеруге есептелген «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналының бірінші және екінші су сорғы станцияларында, К-30, «Достық» магистральді каналының 110-пикетінде болып, жағдайымен танысты. Аудан үшін ең өзекті саналған ағын су мәселесін сала мамандарымен бірге талқылады.

Шара барысында сала мамандары соңғы жылдарда аудандағы өзекті мәселеге айналған ағын су мөлшерінің тапшылығы, биылғы жылғы метеожағдайға байланысты орын алған жағдаяттар жайлы сөз етті.

Сондай-ақ, мамандар негізгі табыс көзін агросектордан алатын аймақ шаруаларының тозығы жеткен ағын су тарату каналдарының жөндеуден өтпеуінің салдарынан ағын су мөлшерінің көп бөлігі жерге сіңіп, буланып немесе жер асты суларының тартылып кетуі секілді себептермен егістік алқабына дейін дұрыс жетпейтінін, К-30, «Достық» магистральді каналының тармақтары күрделі жөндеуді талап ететінін жеткізді. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 210 дана тік дренаж ұңғымасы жөндеуден өтсе жердің мелиоративті жағдайы жақсарып, өнімнің көлемі артатыны айтылды.

Бүгінде аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қысқы сор шаю және көктемгі вегетация жұмыстарын жүргізу үшін ағын суға сұранысы секундына 37,9 текше метр болса, «Достық» магистралды каналы арқылы нақты келіп жатқаны 21,7 текше метрді құрап отыр. Шаруаларға қажетті мөлшерде ағын су жеткізіп беру үшін Шардара су қоймасынан машиналық әдіспен су көтеру каналының 2 дана су сорғыштары іске қосылып, қосымша секундына 8 текше метр су алынуда.

Аудан басшысы еліміздің экономикалық өсуіне тікелей әсер ететін, ауыл шаруашылығы өнімінің артуына ықпал жасайтын өтініштер мен көтерілген мәселелер бойынша салалық басқармалармен, тиісті министрліктермен жұмыс жүргізілетінін айтты.

Жетісай ауданның су қоры жер үсті мен жер асты суларынан тұрады. Жетісай ауданы аумағындағы су жүйелерінің каналдардың жалпы саны 778 дана, ұзындығы 1533,1 шақырым, арықтар 179 бірлік (ұзындығы 511,4 шақырым). Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 86337 гектар көлеміндегі суармалы жерлер жоғарыда аталған каналдардың бойында іргелес жатуына байланысты сумен қамтамасыз етіледі.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналы Сырдария өзенінен бастау алып, Ш.Ділдабеков, Ынтымақ, Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм, Атамекен, Мақталы, Жылы су және Қазыбек би ауылдық округтерінің егістік жерлерін суландырылады.

Жетісай ауданы аумағындағы бірнеше ауылдық округтерін қиып өтіп су қашыртқылары Сырдария өзеніне құяды.

Өзбекстан Республикасы аумағынан бастау алатын Достық каналынан таратылған каналдар арқылы ауданның суармалы егістік жерлері ағын сумен қамтылады.

Сондай-ақ бұл каналдардан басқа К-24-1-1-1, К-25, К-25-9, К-26, К-28, К-30, К-30а, К-30-ІІ, К-30-ІV және К-34 сияқты ірі каналдары бар. Осы каналдар арқылы ауданның толық суармалы егістік жерлері сумен қамтылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.