Түркістан облысы: Ордабасы ауданындағы Қараспан, Сарыарық, Бейсен Мақташы елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Қараспан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, қараспандықтарды жыл басынан атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын нысандар туралы құлағдар етті. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жиын соңында жеке қабылдау өткізді.

Қазіргі таңда Қараспан ауылдық округіне қарасты Берген, Көлтоған, Қараспан, Мақташы және Ақжол ауылдарын газдандыру қарқын алған. Барлығында газ тарту жұмыстары шілде айында аяқталады. Мәселен, Берген ауылында 250-ге жуық үй бар. Оларда 1662 адам өмір сүреді. Үйлердің барлығы келісімшарт жасасса, олардың 81-і үйінің ішіне газ құбырын жүргізіп үлгерген.

Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Ынтымақ ауылдары да «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіліп, нәтижесінде 2023 жылдың соңына дейін Қараспан ауылдық округінің 78,8% -ы (11 мыңға жуық тұрғын) «көгілдір отынға» қол жеткізбек.

Қараспан, Сарыарық, Бейсен Мақташы елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары да қызу жүргізілуде. Құрылыстары 2022 жылы басталған жұмыстар осы жылдың маусым айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланған.

2023 жылы Мақташы ауылындағы Адамбеков, Мұратбаев, Жабаев, Әбдібеков, Өмешбаев, Исабеков көшелері орташа жөндеуден өтеді деп күтіліп отыр. Одан бөлек, Берген, Бейсен, Қараспан ауылдарындағы бірқатар көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қараспандағы Әл-Фараби, Ырыс көшелеріне тас төселеді.

Осы жылы Қараспан мен Мәдениет ауылындарында көпсалалы спорт алаңшасын, Сарыарық ауылында балалар ойын алаңшасын орнату жоспары бар.

2023 жылдың 1 маусымы күні Қараспан ауылындағы 200 орындық “Мақташы” жалпы орта мектебі пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ Төреарық ауылында фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы қызу жүруде. Нысан берер айда бітіп, ел игілігіне табысталатын болады.

Сонымен бірге бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов бекітілген кестеге сәйкес Қажымұқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы жыл басынан атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Жиын соңында тұрғындар тұрғын үй, жол, ағын су, жер және т.б. мәселелер бойынша сауалдарын қойып, олар хаттамаға түсірілді және тиісті сала мамандары бірқатар тапсырмалар арқалады. Кездесуден кейін аудан басшысы бірқатар тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдады.

Қазіргі таңда Қажымұқан ауылдық округіне қарасты Амангелді, Ынталы ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізіліп, олар шілде айында толық аяқталатын болады. Қос ауылдың тұрғындары толықтай келісімшартқа отырып, бірқатары үйлеріне газ құбырын өткізіп үлгерген.

Аудандық бюджеттің есебінен Амангелді ауылындағы Нұрлы жол, Парасат көшелеріне, Ынталы ауылындағы Ұ.Бейсенов көшесіне электр желісі жүргізілді.

2023 жылы “Оңтүстік жарық” мекемесінің инвестициялық бағдарламасымен Көктөбе ауылында, Темірландағы Абай көшесінде, Айбергенов көшесінде түрлі ұзындықта (шақырым) электр желілері тартылады.

2023 жылы Қызылсеңгір ауылындағы Қалмұрзаев көшесі орташа жөндеуден өткізіледі, Қ.Төлтаев көшесіне тас төселеді.

Ал, Көктөбе ауылындағы Райымбекұлы, Бәйтерек, Балбұлақ көшелері орташа жөндеуден өткізіледі. С.Әбдиев көшесіне жарықтандыру құралдары орнатылады. Атамекен, Иканбаев көшелеріне тас төселеді. Амангелді ауылындағы Егемендік көшесіне де тас төселмек.

Темірлан ауылындағы Қажымұқан көшесіне, Қажымұқан ауылындағы Исаханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ынталы ауылындағы Сәулембаев, Рахымбаев, Кәлпе, Имамбай көшелерін де орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Боралдай елді мекенінде Ықылас көшесіне тас төсеу жоспарланған.

Сондай-ақ осы жылы Темірланның ішкі көшелеріне ирригациялық жүйелер орнату, “Самал” шағынауданының Рысқұлов көшесіне балалар ойын алаңшасын жасау, “Ана мен бала” аллеясын” салу, Конституция, Уәлиханов көшелерін абаттандыру жоспары тұр.

Темірландағы 70 гектар аумаққа инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да қызу жүруде.

Темірландағы 250 орындық спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алды.

“Жайлы мектеп” Ұлттық жобасымен ауданда 2023-2025 жылдары 5 мектеп бой көтерсе, біреуі Темірлан елді мекенінде салынатын болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.