Түркістан облысы: Ордабасы ауданының Төрткүл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласына 39 миллион теңге инвестиция тартылды

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Төрткүл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, жыл басынан атқарылған жұмыстарға және алдағы уақытта іске асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды.

Кездесудің соңы сұрақ-жауап форматына көшіп, тұрғындар түрлі мәселелерді көтеріп, сауалдарын қойды. Аудан басшысы әр сауалға тұшымды жауап беріп, олардың барлығы хаттамаға енгізілді. Жиыннан кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Биыл Төрткүл елді мекенінде газдандыру жұмыстары толық аяқталады. Ауылда 1296 абонент бар. Қазіргі таңда 700-ге тарта үймен келісімшарт түзілген. Сондай-ақ Спатаев ауылында да газ тарту жұмыстары биыл бітеді. Онда 214 абонент болса, бүгінгі таңда 150 үймен келісімшарт түзілген. 306 абоненті бар Қызылжар, 114 абоненті бар Елшібек батыр ауылдарындағы газ тарту жұмыстары да осы жылы аяқталады. Ал, Көкарал мен Еңбекші ауылдарына табиғи газ келесі жылы беріледі. Арыстанды, Жайылма, Ақсары ауылдарына газ тартуға ЖСҚ әзірленіп, тиісті мекемелерге ұсынылған.

Төрткүл елді мекеніндегі құрылысы тоқтап қалған 300 орындық мектептің, Қызылжар ауылындағы 300 орындық қосымша оқу корпусының құрылысы қайта жанданатын болады.

Қарабастау, Еңбекші ауылдарында ФАП-тың құрылысы жүргізіледі.

Биыл Қызылжардағы ауылдық клубқа қайта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Атап өтерлігі, жыл басынан бері Төрткүл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы саласына 39 миллион теңге инвестиция тартылған екен.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Қарақұм ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесіп, осыдан үш ай бұрынғы кездесуде қарақұмдықтар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша қолға алынған жұмыстарға және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларға кеңінен тоқталды.

Естеріңізде болса, алдыңғы кездесуде тұрғындар аудан басшысынан ауылдағы мәдениет үйін ертерек бітіріп беруді сұраған болатын. Ол нысан қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылатын болды.

Сондай-ақ Қарақұм ауылын табиғи газбен қамту жұмыстары да шілде айында аяқталуы жоспарлып отыр. Биыл Қарақұмда балалар ойын алаңшасы салынады. М.Әуезов көшесі орташа жөндеуден өткізіледі. Полигонға баратын жолға тас төселеді. Жаңақұрылыс аумағына тас төселеді.

Атап өтер жайт, Қарақұмда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 48 миллион теңге инвестиция тартылған.

176 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан.

Осы және басқа да жұмыстар баяндалып, тұрғындар тарапынан ағын су, газ және тағы басқа салаларға қатысты сауалдар қойылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.